07 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №121

308 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 20 ақпан, Астана қаласы Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 32) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В.ШКОЛЬНИК. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы ____________ Ж. Қасымбек 2015 жылғы 23 ақпан Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №121 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленген және біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі; 2) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі – Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр беру желілерінің және шағын станциялардың жиынтығы; 3) істен шығу – энергия кәсіпорнының немесе оның жабдығының жұмысқа жарамды жай-күйінің бұзылғанын білдіретін процесс; 4) қате әрекет – технологиялық бұзушылықтарға әкеп соққан немесе оның пайда болуының алдын алмаған персоналдың әрекеті немесе әрекетсіздігі; 5) жүктемені толық түсіру – электр станциясының электр немесе жылу жүктемесін түсіруі; 6) бос тұру – энергия қондырғысының жұмыссыз жай-күйі; 7) тергеп-тексеру – технологиялық бұзушылықтың туындау себебін анықтау үшін құрылған комиссия жүзеге асыратын іс-шара; 8) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен параллельді жұмыс iстеуін қамтамасыз етудi, энергетикалық жүйедегi теңгерiмдi қолдауды, жүйелiк қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосымша қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану дайындығын қолдауды жүзеге асыратын ұлттық компания; 9) дүлей құбылыстар – табиғи ықпалдардың әсерінен, оның ішінде адам мен қоғамның өмірлік маңызды мүдделеріне қауіп төндіретін апаттың және зілзаланың салдарынан қоршаған ортаның бұзылуының, өзгеруінің болуын немесе болу мүмкіндігін сипаттайтын жағдай; 10) технологиялық бұзушылық – жабдықтың және (немесе) желілердің, оның ішінде электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына әкелетін жану немесе жарылу, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықтың рұқсат етілмеген ажыратылуы немесе жұмысқа жарамдылығының шектелуі немесе оның ақаулылығы салдарынан істен шығуы немесе бүлінуі. Технологиялық бұзушылықтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінде келтірілген критерийлерге сәйкес жіктеледі. Технологиялық бұзушылық белгілері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылық себептерін жіктеу белгілерінде келтірілген; 11) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және са­ла­аралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 12) энергетикалық кәсіпорындар – энергия беруші, энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар; 13) энергия торабы – жылу және электрмен жабдықтау саласындағы инфрақұрылым тұтастығына ие оқшауланған аумақ; 14) энергия қондырғысы – жылу немесе электр энергиясын өндіруге, жинауға, өзгерту, беруге, таратуға немесе тұтынуға арналған жабдық; 15) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. 3. Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге ұғымдар Заңда айқындалған ұғымдарға сәйкес қолданылады. 2. Технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі 4. Тергеп-тексеруге келесі технологиялық бұзушылықтар жатады: 1) энергетикалық объектінің құрамына кіретін энергетикалық жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану кезінде бұзылуы; 2) энергия қондырғыларының, электр және (немесе) жылу желілері мен олардың элементтерінің олардың істен шығуына әкеп соққан олардың жай-күйінің (жұмысының) техникалық (технологиялық) параметрлерінің жол берілмейтін ауытқулары. Электр және (немесе) жылу энергиясының сапа көрсеткіштерінің стандарттан ауытқуы; 3) энергия беруші ұйымның кінәсінен тұтынушылардың энергия қабылдағыштарын толық немесе ішінара жоспарланбаған ажырату. 5. Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған және өндірісте жазатайым оқиға орын алған сәттен бастап 1 сағаттың ішінде Энергетикалық кәсіпорындардың орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы шұғыл хабарламаны осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне ұсынады. Технологиялық бұзушылық пайда болған және жазатайым оқиға орын алған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде энергетикалық кәсіпорын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша) және жүйелік операторға жазбаша хабарлама жолдайды. 6. Шұғыл және жазбаша хабарламаларда мынадай мәліметтер қамтылады: 1) энергетикалық кәсіпорынның атауы, технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның пайда болған күні және уақыты; 2) технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның болжанған себептері; 3) пайдаланылған қорғаныс, автоматика және бұғаттау тізбесі; 4) істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі; 5) технологиялық бұзушылықтың салдары: бұзылған жабдықтың көлемі, толық жібермеу, ажыратылған тұтынушылардың саны, технологиялық бұзушылықты жою уақыты; 6) жазатайым оқиғаның салдары. 7. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, технологиялық бұзушылықтарды энергетикалық кәсіпорынның бұйрығымен құрылған тұрақты жұмыс істейтін комиссия тергеп тексереді. Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларымен көзделген технологиялық бұзушылықтарды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп тексереді; Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларымен көзделген технологиялық бұзушылықтарды жергілікті атқарушы органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп тексереді. Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларымен көзделген технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жүргізуге мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссияға рұқсат беріледі; Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 2-тармағының 10), 11), 12), 13) тармақшаларымен көзделген технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жүргізуге жергілікті атқарушы мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссияға рұқсат беріледі. Комиссия төрағаларымен бұйрық шығарған орган, ұйым өкілдері тағайындалады. 8. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей басталады және комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде аяқталады. 9. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеруді осы Қағидалардың 8-тармағымен көзделген кезеңде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, тергеп-тексеру мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Мыналар: олардың шешімі бойынша мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның (құзыреті бойынша) бұйрығымен; мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның (құзыреті бойынша) келісімі бойынша энергетикалық кәсіпорынның бұйрығымен комиссия құрылған жағдайда, тергеп-тексеру мерзімі ұзартылады. 10. Комиссия жұмысы ұйымдастыру іс-шараларын орындайтын және технологиялық бұзушылықты уақтылы, сапалы тергеп-тексеруді және оның нәтижелерін ресімдеуді қамтамасыз ететін оның төрағасы белгілейтін регламентке сәйкес жүргізеді. 11. Комиссия төрағадан және оның мүшелерінен, сондай-ақ комиссияның шешіміне қатыспайтын хатшыдан тұрады. Хатшыны есептемегенде, комиссия мүшелерінің саны – жұп. Комиссия құрамы технологиялық бұзушылықтың ауырлығына және сипатына байланысты анықталады және: 1) дүлей құбылыстар нәтижесінде бір энергетикалық кәсіпорнының шегінде кернеуі 10 кВ (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары 10 және одан жоғары электр беру желілері бұзылған жағдайда – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, энергетикалық кәсіпорынның, жобалық, құрылыс-монтаждау және өзге де ұйым өкілдерін; 2) Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларымен және 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларымен көзделген технологиялық бұзушылықтардың туындауы – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, өнеркәсіптік қауіпсіздік, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, энергетикалық кәсіпорынның, жөндеу, баптау, жобалық, ғылыми-зерттеу, қажет болған жағдайда дайындаушы зауыттардың және өзге де ұйым өкілдерін; 3) Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларымен және 2-тармағының 10), 11), 12), 13) тармақшаларымен көзделген технологиялық бұзушылықтардың туындауы – жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, өнеркәсіптік қауіпсіздік, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, энергетикалық кәсіпорынның, дайындаушы зауыттардың, жөндеу, баптау, жобалық, ғылыми-зерттеу және өзге де ұйым өкілдерін; 4) БЭЖ, электр станциялары мен желілері жабдығының жұмыс режимінің өзгеруі, автоматика, релелік немесе тех­но­логиялық қорғау құрылғыларының, байланыс құралдарының дұрыс жұмыс істемеуі – мемлекеттік энергетикалық қада­ғалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, энергетикалық кәсіпорынның, мамандандырылған ұйым өкілдерін; 5) энергетикалық кәсіпорынның энергетикалық жабдығын немесе ғимаратын жобалау, дайындау, салу, монтаждау немесе жөндеу ақаулары – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, энергетикалық кәсіпорынның, дайындаушы зауыттардың, жобалау, құрылыс-монтаждау және өзге ұйым өкілдерін қамтиды. 12. Тұтынушыда орын алған және энергия беруші ұйымында одан әрі дамуға алып келген технологиялық бұзушылықтар екі тараптың өкілдерінің қатысуымен тергеп тексеріледі. 13. Технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеретін энергетикалық кәсіпорын: 1) техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар жүргізеді; 2) зақымданған объектінің фототүсірілімдерін орындайды. 14. Комиссия жұмысы басталғанға дейін энергетикалық кәсіпорын: 1) орын алған технологиялық бұзушылық сипаты мен көлемін айқындайды; 2) зақымданған жабдықтың тіркеу аспаптарының диаграммаларын, осцилограммаларын, жедел келіссөздердің электрондық жазбаларын, жедел журналдарды, электрондық-есептеу машиналарының басылымдарын, жекелеген элементтері мен бөліктерін сақтауды қамтамасыз етеді; 3) коммутациялық аппаратураның, ілгекті және реттеу арқауының, блинкерлер мен бастырмалардың тұрған орындарын белгілейді; 4) технологиялық бұзушылықты жоюға қатысқан персоналдың, бұзушылықты көргендердің рапорттарын жинайды; 5) жөндеу және жобалық құжаттамасын, хаттамаларды, схемаларды, зауыттық және өндірістік нұсқауларды, режимдік карталарды іріктеуді жүзеге асырады; 6) қажет болған жағдайда немесе комиссияның шешімі бойынша энергетикалық сараптаманы жүргізуді қамтамасыз етеді. Жүргізілген энергетикалық сараптаманың дәлелденген, негізделген нәтижелерін және сарапшылардың сараптама өткізу мәні бойынша толық тұжырымдарын Комиссия технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу үшін пайдаланады. 7) энергияны толық жібермеу осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген Электр және жылу энергиясын толық жібермеу анықтамасына сәйкес айқындалады. 15. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарымен көрсетілген орындалған іс-шаралар қорытындысы бойынша қалыптасқан материалдар комиссияның әрбір мүшесіне ұсынылады. Комиссияның қарауына ұсынылатын сипаттамалар мен құжаттарға аумағында техникалық бұзушылық орын алған және тергеп-тексеріліп жатқан энергетикалық кәсіпорын басшысы қол қояды және ол мөрмен расталады. 16. Тергеп-тексеру барысында комиссия мүшелерінің сұранысы бойынша энергетикалық кәсіпорын тергеп-тексеру тақырыбына байланысты қажетті материалдарды ұсынады. 17. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде пайда болу, өршудің барлық себептері сипатталады, зерделенеді және бағаланады: 1) қызмет көрсетуші персоналдың әрекеті; 2) объектілердің және оларды пайдалануды ұйымдастырудың қауіпсіздік талаптарына, техникалық жай-күйіне және пайдалануына сәйкес келуі; 3) жөндеу, профилактикалық тексеру мен сынақтар, жабдықтың жай-күйіне бақылау жүргізу сапасы мен мерзімдері; 4) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде технологиялық тәртіптің сақталуы; 5) авария ошақтарын және жабдық ақауларын жою бойынша шаралардың уақтылы қабылдануы; 6) жабдықтар мен конструкцияларды дайындау, жобалық, құрылыс, монтаждау және реттеу жұмыстарының сапасы; 7) дүлей құбылыстардың (көк мұз қырларының қалыңдығы, желдің жылдамдығы және басқасы) нақты параметрлерінің жобада қабылданған және (немесе) нормалармен белгіленген шамаларға сәйкес келуі; 8) жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижелері. 18. Зақымданған жабдықты ашу немесе бөлшектеу комиссия төрағасының рұқсаты бойынша жүргізіледі. Адамдар мен жабдық үшін ықтимал қауіп болған жағдайларда ашуға және бөлшектеуге рұқсатты энергетикалық кәсіпорынның техникалық басшысы қабылдайды. 19. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісімен мыналармен: 1) қолданылу мерзімін өтемеген жабдықтың зауыттық ақауларына байланысты зақымдалуына; 2) электр станциясының жүктемелерін толық түсіруіне; 3) 110-1150 кВ электр желілерінің, сондай-ақ 110 кВ және жоғары шағын станциялардың негізгі жабдығының зақымдалуына; 4) жылыту маусымында жылу жүйелерінің зақымдалуына; 5) персоналдың қате әрекетіне байланысты авариялардың, І дәрежелі бұзылыстардың, сондай-ақ ІІ дәрежелі бұзылыстардың тергеп-тексеру нәтижелері ресімделеді. ІІ дәрежелі бұзылыстарды тергеп-тексеруде қажет болған жағдайда мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның (құзыреті бойынша) өкілдері қатысады. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісіне жүргізілген энергетикалық сараптама нәтижелері, комиссия тұжырымдарын растайтын құжаттар (зақымданған жабдықты қарау актісі, регистрограммалар, осциллограммалар, шұғыл журналдардан алынған көшірмелер, түсініктеме жазбалар, схемалар, сызбалар, фотосуреттер, жабдық және металды сынау нәтижелері, сауалнама қағаздары) қоса салынады. 20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілмеген II дәрежелі бұзылыстар осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша энергетикалық кәсіпорындағы технологиялық бұзушылық журналында ресімделеді. 21. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актісіне комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссияның жекелеген мүшелері келіспеуі кезінде актіге «ерекше пікірмен» қол қойылады. Комиссия мүшесінің ерекше пікірі қол қою кезінде технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісіне қоса беріледі. 22. Технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісі барлық қосымшаларымен бірге екі данада жасалады: бірі энергетикалық кәсіпорын үшін, екіншісі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган үшін. Энергетикалық кәсіпорын комиссия құрған жағдайда, технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісінің екінші данасы барлық қосымшаларымен бірге қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша) жіберіледі. 23. Орталық Азияның біріктірілген энергетикалық жүйе (бұдан әрі – БЭЖ) және Қазақстанның БЭЖ жұмысында іргелес мемлекеттердің кінәсінен болған технологиялық бұзушылықтар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Электр энергетикалық кеңесімен бекітілген «Мемлекетаралық электр энергетикалық объектілер жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес тергеп-тексеріледі. Бұл технологиялық бұзушылықтар жоғарыда аталған Нұсқаулыққа сәйкес арнайы есепке алуға жатады. 3. Технологиялық бұзушылықтарды есепке алу тәртібі 24. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысында орын алған технологиялық бұзушылықтар есепке алуға жатады. 25. Технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды энергетикалық кәсіпорындар энергетикалық қондырғыларды кешенді сынақтан өткізген (жүктемемен) және өнеркәсіптік немесе тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қабылдаған сәттен бастап олардың жалпы жұмыс істеу уақыты ішінде жүргізеді. 26. Ауқымына, өршу ортасына, қатысушының кінәсіне байланысты бірнеше энергетикалық кәсіпорынды қамтитын технологиялық бұзушылық бір немесе бірнеше энергетикалық кәсіпорында комиссияның шешімі бойынша есепке алынады. 27. Әрбір энергетикалық кәсіпорын есептік айдан кейінгі айдың жетісіне дейін ай сайын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша) осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша технологиялық бұзушылықтар туралы жиынтық есептілікті жолдайды. Технологиялық бұзушылықтарды есепке алу, оның ішінде тергеп-тексеру актілерін тіркеу энергетикалық кәсіпорындарда нысаны осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген технологиялық бұзушылықтарды (аварияларды, бұзылыстарды) есепке алу журналында жүргізіледі. Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларына 1-қосымша Технологиялық бұзушылықтарды жіктеу Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – БЭЖ), электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтар салдарының сипаты мен ауырлығына байланысты аварияларға, I және II дәрежелі бұзылыстарға жіктеледі. 1. Авариялар: 1) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, электр станцияларының өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; электр станциясындағы, электр шағын станцияларындағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның 25 және одан артық тәулік мерзімге еріксіз тоқтап қалуына әкелсе; 2) қуаты 50 мегаватт (бұдан әрі – МВт) және одан жоғары турбинаның, қуаты 60 МВт және одан жоғары генератордың, қуаты 75 мегавольт ампер (бұдан әрі – МВА) және одан жоғары трансформатордың, реактордың, ажыратқыштың, кернеуі 220 киловольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары электр беру желілерінің ұзақтығы 25 тәулікке және одан артық мерзімге еріксіз кідіріп қалуына әкеп соққан зақымдану; 3) мыналарға: су торабының ең жоғары есептік қабілетінің артуымен су қоймасынан суды ығыстыруға; су электр станциясының қазіргі қуатының 50% және одан артық төмендеуіне; жоғарғы бьефте су деңгейінің шекті-қолжетімді мәндерге артуына әкеп соққан белгіленген қуаты 100 МВт және артық су электр станциялары құрылыстарының бүлінуі немесе жұмысқа жарамдылығының зақымдануы: 4) БЭЖ және оның жиілігі 49 герц (бұдан әрі – Гц) және артық оқшауланған бөлігінің бір сағаттан артық жұмыс істеуі немесе 51 Гц артық жиілікпен үш минуттан артық жиілігі артық жұмыс істеуі; 5) БЭЖ-дың жекелеген бөліктерге бөлінуі арқылы оның тұтастығының бұзылуы немесе тұтынушыларға сағатына 250000 кВт (кВт/сағ) және одан артық өлшемдегі электр энергиясын жеткіліксіз беруді тудырған электр станциясы және (немесе) электр желісі жұмысының бұзылуы; 6) егер келтірілген жалпы электр және жылу жүктемесі бір блокты жұмыс режимін қоспағанда 300 МВт және одан жоғары болса, жылыту қазандықтарының (су жылытқыш және бу) жүктемесін ескерусіз электр станцияның жүктемені толық түсіруі; 7) жылу көзінің зақымдануына немесе ақаулығына байланысты тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің желілік су температурасымен бес тәуліктен артық мерзім ішінде бекітілген кестеден 25°С төмен жұмыс істеуі; 8) күл-қож қалдықтарының қоршаған ортаға шығарылуымен электр станциясы күл-қож дамбасының бұзылуы; 9) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, қазандықтардың өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; қазандықтардағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның 25 және одан артық тәулік мерзімге еріксіз тоқтап қалуына әкелсе; 10) өнімділігі сағатына 160 тонна (бұдан әрі – т/сағ.) және одан жоғары бу қазанының, өнімділігі сағатына 100 гигакалорий (бұдан әрі – Гкал/сағ.) және одан жоғары су қазанының ұзақтығы 25 тәулікке және одан артық мерзімге еріксіз кідіріп қалуына әкеп соққан зақымдану; 11) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің желілік су температурасымен бір тәулік және одан көп бекітілген кестеден 25°С төмен жұмыс істеуіне әкеп соққан қазандық жабдығының істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге кейінгі шығару; 12) күл-қож қалдықтарының қоршаған ортаға шығарылуымен қазандық күл-қож дамбасының бұзылуы; 13) жылыту маусымында тұтынушыларды 24 сағаттан артық мерзімге жылумен жабдықтау үзілісін тудырған жылу жүйелерінің зақымдануы болып табылады. 2. I дәрежелі бұзылыстар: 1) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, электр станцияларының өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; электр станциясындағы, электр шағын станцияларындағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның 5 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге еріксіз тоқтап қалуына әкелсе; 2) қуаты 50 МВт турбинаның, қуаты 60 МВт және одан жоғары генератордың, қуаты 75 МВА және одан жоғары трансформатордың, реактордың, ажыратқыштың, кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр беру желілерінің 5 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге еріксіз кідіріп қалуына әкеп соққан зақымдану; 3) БЭЖ-дың жекелеген бөліктерге бөлінуі арқылы оның тұтастығының бұзылуы немесе тұтынушыларға сағатына 250000 кВт/сағ. 50000 кВт/сағ дейінгі өлшемдегі электр энергиясын жеткіліксіз беруді тудырған электр станциясы және (немесе) электр желісі жұмысының бұзылуы; 4) жылу көзінің зақымдануына немесе ақаулығына байланысты тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің желілік су температурасымен ұзақтығы 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін бекітілген кестеден 25°С төмен жұмыс істеуі; 5) қазан жабдығының, турбинаның, генератордың (өнімділігі мен қуатына қарамастан); кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр жабдығының (күш трансформаторының, ажыратқыштың, реактордың, электр беру желілерінің) ұзақтығы бес және одан артық жалғасатын мәжбүрлі тоқтап тұруына әкеп соқтырған зақымдану; 6) БЭЖ мен оның оқшауланған бөлігінің (энерготорап) ұзақтығы 30 минутқа дейін 49,0 Гц төмен жиілікпен немесе үш минуттан аз 50,5-51,0 Гц жиілікпен жұмыс істеуі; 7) егер келтірілген жалпы электр және жылу жүктемесі бір блокты жұмыс режимін қоспағанда 300 МВт және одан жоғары болса, жылыту қазандықтарының (су жылытқыш және бу) жүктемесін ескерусіз электр станцияның жүктемені толық түсіруі; 8) ғимараттар мен құрылыстардың салмақ түсетін элементтерінің зақымдануы, мәжбүрлі өшіру немесе тұтынушыларға 50000 бастап 250000 кВт/сағ. дейін электр энергиясын жеткіліксіз беруді тудырған электр станцияларының және (немесе) шағын станциялардың, электр беру желілерінің негізгі жабдығының (қуатына қарамастан) жұмыс істеу қабілеттілігінің шектелуі; 9) жылу көзінің зақымдануына немесе ақаулығына байланысты тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің желілік су температурасымен ұзақтығы 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін бекітілген кестеден 25°С төмен жұмыс істеуі; 10) су құбырының, газ-мазут құбырының, отын беру трактының, электр станцияларының өзіндік жеке электр немесе жылу қажеттіліктерінің істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге шығару; қазандықтардағы өрт; негізгі немесе қоректендіру құбырларының жарылуы; ғимараттар мен құрылыстардың негізгі элементтерінің құлауы, егер жоғарыда аталған жағдайлардың ең болмаса біреуі барлық өндіруші жабдықтың бір тәуліктен артық толық тоқтап қалуына немесе оның 5 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге еріксіз тоқтап қалуына әкелсе; 11) өнімділігі сағатына 160 тонна (бұдан әрі – т/сағ.) және одан жоғары бу қазанының, өнімділігі сағатына 100 гигакалорий (бұдан әрі – Гкал/сағ.) және одан жоғары су қазанының ұзақтығы 5 тәуліктен 25 тәулікке дейінгі мерзімге еріксіз кідіріп қалуына әкеп соққан зақымдану; 12) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің желілік су температурасымен бір тәуліктен аз бекітілген кестеден 25°С төмен жұмыс істеуіне әкеп соққан қазандық жабдығының істен шығуы және оларды авариялық жөндеуге кейінгі шығару; 13) жылыту маусымында тұтынушыларды 16 сағаттан 24 сағатқа дейін жылумен жабдықтау үзілісін тудырған жылу жүйелерінің зақымдануы болып табылады. 3. II дәрежелі бұзылыстар: 1) сәтті автоматты қайтадан қосу (АҚҚ) жұмыстары жағдайларынан басқа, 220 кВ және одан жоғары желілерде қорғаныс қондырғысының жұмысын тудырған Қазақстанның БЭЖ ұлттық және өңірлік электр желілерінде энергия тұтыну режимінің бұзылуы; 2) диспетчерлік байланыс және телемеханика жүйесі құралдарының бір тәуліктен артық мерзімге жұмыс істеу қабілетінің бұзылуы; 3) осы құрылғылардың жұмыс жағдайларынан басқа, қорғаныс және (немесе) автоматиканың сигналға дұрыс әрекет етпеуі; 4) желілерде 220 кВ және одан жоғары қуаттың асқын тоғын шектеу автоматикасынан тұтынушыларды ажырату; 5) егер ол авария немесе I дәрежелі бұзылыс болып табылмаса, электр станциясы, қазандық, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының зақымдануы, қате немесе мәжбүрлі ажыратылуы болып табылады. 4. Профилактикалық тексеру және бақылау, авариямен немесе жұмыстағы бұзылыстар кезінде анықталған ұсақ ақаулар мен бұзушылықтарды (төсемдерді ауыстыру, тығыздамаларды қағу, қазандықтарды сылау, тіреу элементтерін ауыстыру, нөлдік оқшаулағыштарды ауыстыру, оқшаулауды тазарту, май ағуды болдырмау) жою үшін жедел өтінім бойынша жабдықты жоспардан тыс істен шығару ресімделмейді. Егер жабдықтың істен шығару белгіленген диспетчерлік кестенің орындалмауына, тұтынушыларды авариялық ажыратулар мен шектеулерге әкелмесе, мұндай жұмыстар жедел-техникалық құжаттамада ескеріледі. Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларына 2-қосымша Технологиялық бұзушылықтар себептерін жіктеу белгілері 1. Техникалық технологиялық бұзушылықтар себептерін жіктеу белгілері мыналар болып табылады: 1) қондырғы материалы құрылымының, оның бөлшектерінің немесе торабының бұзылуы; 2) пісірудің, дәнекерлеудің бұзылуы; 3) механикалық қосылыстың бұзылуы; 4) механикалық тозу; 5) күлдік тозу; 6) тотығып тозу; 7) эрозиялық тозу; 8) тұтастығының бұзылуы; 9) дірілдің нормативтік мәнінің артуы; 10) жарылыс; 11) термиялық зақымдануы, қызып кету, қатты күю; 12) электр доғалық зақымдану; 13) электрлік оқшаулаудың бұзылуы; 14) электрлік түйісудің бұзылуы; 15) механикалық қирау (зақымдану); 16) жану немесе өрт; 17) электр желісі тұрақтылығының бұзылуы; 18) аварияға қарсы автоматиканың бұзылуы; 19) жіктелмеген себептер (ресурстың жойылуы, қождануы және басқасы). 2. Технологиялық бұзушылықтарды ұйымдастыру себептерін жіктеу белгілері мыналар болып табылады: 1) шұғыл персоналдың қате әрекеті; 2) шұғыл емес персоналдың қате әрекеті; 3) энергетикалық кәсіпорын және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелері басшылық персоналының жұмысындағы кемшіліктер; 4) жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру; 5) пайдаланудағы басқа да кемшіліктер; 6) жоба ақаулары; 7) құрылым ақаулары; 8) дайындаудағы ақаулар; 9) монтаждау ақаулары; 10) жөндеу ақаулары; 11) құрылыс ақаулары; 12) дүлей құбылыстың әсері; 13) бөгде тұлғалар мен ұйымдардың ықпалы; 14) жіктелмеген себептер (нормативтік пайдалану мерзімінен асып кеткен пайдаланудағы жабдықтың тозуы, құстардың, кеміргіштердің ықпалы). Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларына 3-қосымша Энергетикалық кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну РЕГЛАМЕНТІ 1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы ақпарат мына кестеге сәйкес хабарланады: № Шұғыл хабарламалар ұсынылатын бұзушылықтар Хабарламаларды ұсыну реттілігі Штаттан тыс оқиғалар туындаған сәттен 1 сағаттың ішінде телефон бойынша және 12 сағаттан кешіктірілмей жазбаша хабарланады: 1 кезең 2 кезең 1. 220 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі; Энергетикалық кәсіпорын ЖО-ға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның ЖО-сы мен АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды 2. Жүйелік оператордың басшылығындағы энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар; 3. Жүйелік оператордың басқару жүйесіне кіретін энергетикалық объек­тілердегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы; 4. электр станциясының жүктемесін толық түсіруі; 5. күл-қож үйіндісі дамбаларын немесе гидроқұрылыс бөгеттерін су шайып кету, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың негізгі конструкцияларының бұзылуы; 6. Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуі 7. орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы ЖО мемле­кет­тік мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнін­дегі органға хабарлайды 8. жылыту маусымында жылу желілеріндегі айналымның тоқтауы немесе магистральдық құбырдың бұзылуы; энергетикалық кәсіпорын ЖО-ға, жергілікті атқарушы ор­ганға және мем­ле­кеттік энерге­тикалық қада­ғалау және бақылау жөніндегі орган­ның АД-сына хабарлайды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның ЖО-сы мен АД-сы мемлекеттік энер­­гетикалық қада­­ғалау және бақы­лау жөнін­дегі орган басшы­лығына хабарлайды 9. энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар; энергетикалық кәсіпорын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган басшылығына хабарлайды 10. энергетикалық объектілердегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы; 11. 110 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі; 12. бір энергетикалық кәсіпорын шегінде 2 және одан да көп электр беру желілерінің, сондай-ақ кернеуі 6-35 кВ электр желілеріндегі немесе тұтынушыларды 0,5 МВт жоғары электр энергиясынан жаппай ажыратуға әкеп соққан немесе сұрапыл апат нәтижесіндегі ажыратылуы және /немесе бұзылуы; 13. диспетчердің басқарушы объектімен байланысын 1 сағаттан астам мерзімге толық жоғалтуға әкеп соққан диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары жұмысының бұзылуы 14. электр станциялары жабдығының, технологиялық ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы 15. қорғаныс пен автоматиканың қате әрекеті 16. автоматикалық қорғаныс құралдарының немесе технологиялық параметрлердің жол бергісіз ауытқуларынан персонал ә